Семейдегі аспалы көпірде көлік қозғалысы шектеледі
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласындағы аспалы көпірде жүргізілген асфальтбетон жамылғысын төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілмек.

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, уақытша шектеулер ертеңнен бастап күшіне енеді.
— Тұрлыханов айналма жолы жағынан Би Боронбай көшесіне апаратын кіреберіс пен көпірден оң жағалаудан сол жағалауға қарай бағытта Би Боронбай көшесіне түсетін жолда көлік қозғалысы шектеледі. Шектеулер 23 шілде сағат 16:00–ден 24 шілде сағат 10:00–ге дейін созылады, — делінген ақпаратта.
Тәртіп сақшылары халықты уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытып, кептелістерді болдырмас үшін маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұрады.
Еске салсақ, осыған дейін аптап ыстыққа байланысты үлкен тасжолдарда полиция күшейтілген режимде қызмет етіп жатқаны хабарланған.