17:59, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Семейдің әкімі өзінің есепті кездесуін ауылдық округтерден бастады
СЕМЕЙ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Семей аймағының әкімі Мейрамхат Айнабеков халықпен есеп беру кездесуін бастады.
Екі апталық есеп берудің қауырт кестесі ауылдық округтердің және Семей қаласының тұрғындарымен өткізілетін 20 кездесуді қамтиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.2008 жылы атқарған жұмыстары үшін өзінің алғашқы есебін М.Айнабеков Абыралы ауданында орналасқан Айнабұлақ ауылдық округ тұрғындарымен өткізді. Бір күн ішінде ол сонымен қатар, Таңат, Ақбұлақ және Абыралы ауылдық округтерінің халқымен кездесті. Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің деректері бойынша, өңір бірінші басшысымен ауыл тұрғындарының кездесуі іскерлік жағдайда өтуде. Ауылдық округтердің тұрғындары қордаланып қалған проблемаларды талқылауға белсенді түрде қатысуда.