Семсерлесуші Руслан Курбанов БАӘ-дегі әлем кубогы кезеңінде 1/8 финалға дейін жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Фуджейрада (БАӘ) ерлер арасында семсерлесуден әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Семсерлесуші Руслан Курбанов БАӘ-дегі әлем кубогы кезеңінде 1/8 финалға дейін жетті
Фото: ҰОК

Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов ел құрамасы сапында ең үздік нәтиже көрсетті. Ол 1/8 финалға дейін жетіп, нәтижесінде 11-орынға ие болды.

Ерлік Сертай – 30-орын, Никита Жулинский – 32-орын, Кирилл Павлов – 38-орын, Кирилл Проходов – 58-орын, Александр Федотов – 95-орын, Эльмир Әлімжанов – 98-орын, Вадим Шарлаимов – 116-орын, Алексей Касаткин – 136-орын, Георгий Тинников – 174-орынға табан тіреді. 

Айта кетейік, командалық жарыстарда Қазақстан құрамасы 13-орынға ие болды. 

Бұған дейін Қазақстан семсерлесуден әлем кубогы кезеңін екі медальмен аяқтағанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар