«Сенім студиясы» — Jibek Joly жаңа псхиологиялық бағдарлама ұсынады

АСТАНА. KAZINFORM – Jibek Joly телеарнасында жаңа әлеуметтік жоба – «Сенім студиясы» бағдарламасы жарық көрді. Онда күн сайын тікелей эфирде кәсіби психолог көрерменді толғандырған сұрақтарға жауап береді. Бұл туралы бағдарлама жүргізушісі Дәулет Бижанов «Jibek joly» телеарнасындағы «Бүгін LIVE» бағдарламасында айтты.

Jibek Joly жаңа псхиологиялық бағдарлама ұсынады
Фото: Jibek Joly телеарнасының бағдарламасынан алынған скрин

– Бұл – менің тәжірибемдегі алғашқы психологиялық бағдарлама және ұсынысты қуана қабыл алдым. Жоба күн сайын сағат 16:00 мен 18:00 аралығында тікелей эфирде өтеді. Онда көрермендер анонимді түрде ішкі толғаныстарымен бөлісіп, кәсіби психологтан кеңес ала алады. Кейде адамға бар болғаны жылы сөз жетпей жатады. Біз әр көрерменнің жанайқайына құлақ асып, қолдау көрсетуге тырысамыз. Эфирде мен модератор рөлінде боламын, көрермен сауалын кәсіби маманға жолдаймын», – деді Дәулет Бижанов.

Бағдарлама отбасы, қарым-қатынас, бала тәрбиесі, құмар ойынға тәуелділік сынды өмірлік маңызды тақырыптарды қозғайды. Оның алғашқы шығарылымы отбасы құндылықтарына арналған.

Jibek Joly жаңа псхиологиялық бағдарлама ұсынады
Фото: Jibek Joly телеарнасы бағдарламасынан алынған скрин ы

Жобаның тағы бір ерекшелігі – көрерменнің бет-бейнесі көрсетілмейді. Яғни, эфирге даусымен ғана қатысуға болады, тікелей эфирге қоңырау шалу немесе WhatsApp арқылы сауал жолдау да жеткілікті.

– «Сенім студиясына» кез келген адам қатысып, өз сұрақтарын тікелей қоя алады. Эфирден кейін маманмен жеке байланыс орнату мүмкіндігі қарастырылған, – дейді Д. Бижанов.

Айта кетейік, биыл Jibek Joly / Silk Way Алматыдан Сеулге, Ереваннан Ұлан-Батырға дейінгі көрермен назарын бір арнаға тоғыстыра алатын, жарқын жобаларға толы жаңа телевизиялық маусымын ұсынады.

 

Соңғы жаңалықтар