Серб Республикасында мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Серб Республикасының бұрынғы басшысы Милорад Додиктің қызметінен кетуіне байланысты елде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтеді. Ол 23 қараша күнінен белгіленген, деп хабарлайды ТАСС.

Серб Республикасында мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді
Фото: Freepik

Босния және Герцеговина Орталық сайлау комиссиясы сот Милорад Додиктің үкімін күшінде ұстап, оның апелляциялық шағымдарын қабылдамаған соң сайлау өткізуді ұйымдастырды.

Сайлау комиссиясының мәліметінше, орталық сайлау тізіміне 1,26 миллионнан астам адам енгізілген, оның 20 500-і шетелде дауыс беруге құқылы. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00–де ашылып, 19:00–де жабылады. Дауыс беру Серб Республикасында және одан тыс жерлерде де өтеді. Сайлау учаскелері Белград, Берлин және Венадағы дипломатиялық өкілдіктерінде, сондай-ақ Мюнхендегі Бас консулдықта ашылады. Барлығы 2211 сайлау учаскесі бар.

Серб Республикасының президенттігіне 6 үміткер тіркелді. Биліктегі Тәуелсіз социал-демократтар альянсы (SNSD) ғылым және технологиялық даму министрі және бұрынғы ішкі істер министрі Синиша Каранның кандидатурасын ұсынды. Оппозицияның басты үміткері — Серб Демократиялық партиясынан (СДС) үміткер Бранко Блануша. Сондай-ақ тізімге «Жаңа саясат үшін альянс» партиясынан Драган Чоканович, Серб Республикасының Экологиялық партиясынан Никола Лазаревич және екі тәуелсіз кандидат Игорь Гашевич пен Славко Драгичевич енді. Жеңімпаз 2026 жылдың қазан айында өтетін кезекті сайлауға дейін президенттің міндетін атқарушы болады. 

Президент салыстырмалы мажоритарлық жүйе бойынша сайланады және кең өкілеттіктерге ие болады. Ол парламентке премьер-министр және Конституциялық сот мүшелерінің кандидатураларын ұсынады, кешірім жасау құқығын жүзеге асырады.

Айта кетейік, Танзаниядағы президент сайлауында тағы да әйел жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар