18:24, 24 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Серік Борамбаев Қорғаныс министрлігіндегі қызметінен босатылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев қызметінен кетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі тағайындалғанын жазған едік.