Шағын және орта бизнесте 116,7 мың адам қызмет етеді - Ақтөбе облысы

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында шағын және орта бизнесте белсенді субъектілердің жалпы саны 32,5 мың бірлікті құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде таратылған мәліметтерде хабарланды.

«2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында шағын және орта бизнесте белсенді субъектілердің жалпы саны 32,5 мың бірлікті құрады, сондай-ақ осы салада қызмет ететіндер 116,7 мың адамға жетті. Өндірілген өнім көлемі 314,9 млрд. теңгені қамтыды. Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен төлемдер 80 млрд. теңгеге жуық қаржыны құрады»,-делінген облыс мәліметінде.

2012 жылы осы өңірде шағын және орта бизнес субъектілері 380,7 млрд. теңгенің өнімін шығарды.

Соңғы жаңалықтар