12:15, 10 Маусым 2023 | GMT +5
Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістанға ресми сапармен келуге шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Пәкістан тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны және түрлі саладағы ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді.
Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да растады.
Әңгімелесу соңында Премьер-министр Шахбаз Шариф Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістанға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ресми сапармен келуге шақырды.