Шахматтан әлем чемпионы ChatGPT-ді ойсырата жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — ChatGPT норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсеннен жеңілді. Бұл туралы 34 жастағы шахматшы әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Kazinform тілшісі.  

Шахматтан әлем чемпионы ChatGPT-ді ойсырата жеңді
Фото: х.com/chesscom/status

Гроссмейстердің айтуынша, сапар барысында зеріккен соң, ChatGPT-мен онлайн шахмат партиясын ойнауға шешім қабылдаған. 53 жүрістен тұратын онлайн партияда норвегиялық шахматшы жасанды интеллектіні ойсырата жеңіп, бірде-бір тасын жоғалтпаған.

Сондай-ақ, Карлсен жасанды интеллекттен өз ойынының деңгейін бағалауды сұраған. Чат-бот оның рейтингі FIDE немесе USCF жүйесі бойынша 1800–2000 шамасында деп болжаған. Алайда Карлсеннің нақты рейтингі бұдан әлдеқайда жоғары — 2839.

Шахмат қауымдастығы мен әлеуметтік желі қолданушылары чат-боттың бағасын әзілмен қабылдады.

Бұған дейін біз ChatGPT әлемдегі ең көп қаралатын бесінші сайтқа айналғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар