Костенко атындағы шахтада 32 кенші қаза болғаны анықталды

Соңғы мәліметтерге сай, Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 32 кеншінің опат болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

пожар
Фото: Максат Шагырбаев/Kazinform

Санаулы уақыт бұрын ғана 28 кеншінің денесі табылып, 18 адам іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік. Өкінішке қарай, құрбан болған кеншілер саны сәт санап артуда.

Дәл қазір «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасындағы апаттан кейін 14 адам табылмай жатыр. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір депратаментінің персонал жөніндегі директоры Еркебұлан Мұқанов айтты.

Еркебұлан Мұқанов
Фото: Kazinform

«Қазір шахтада 32 адам қаза болғаны анықталды. Бір сағат бұрынғы мәлімет бойынша 6 адамның денесі шығарылды. 14 адамды іздестіру жалғасып жатыр», - деді Е. Мұқанов Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

апат
Фото: Kazinform

Бұдан бұрын хабарланғандай, шахтадағы өрт фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Соңғы жаңалықтар