Шахтинск қаласының тұрғыны 1,7 келі героин үшін 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының азаматынан 1,7 келі героин тәркіленді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланды.
None
None

Қарағанды облысының есіркіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Долинка елді мекенінде бұрын есірткі қылмысы мен ұрлық фактілері бойынша сотты болған 34 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны қолға түскен. Құрықталған азаматты тінту барысында 1 келі 700 грамға жуық героин заты тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мұндай қылмыс үшін ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы ықтимал. Тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар