Шандор Ковач: Сайлауда Еуропа елдеріндегідей барлық халықаралық стандарт сақталған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық байқаушы ретінде келген Мажарстан мемлекеттік жиналысының (Парламент) депутаты Шандор Ковач сайлаудың мереке сияқты өтіп жатқанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазақстанда бұған дейін де болғанмын. Осыдан оншақты жыл бұрын елдеріңізде сайлаудың мереке сияқты өтетін көрген едім. Бүгін де дәл солай болып жатыр. Ұйымдастыру жағына келер болсақ, Еуропа елдеріндегідей барлық халықаралық стандарттар сақталған. Таңертеңнен бері өзге де халықаралық байқаушылармен бірге бірнеше сайлау учаскесінде болдық. Ең бастысы, қауіпсіздіккке жоғары көңіл бөлінген», - дейді халықаралық байқаушы.
Еске сала кетсек, ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқау үшін 1 013 байқаушыны аккредиттеді. Оның ішінде: 866 байқаушы 9 халықаралық ұйымнан және 147 байқаушы 41 шет мемлекеттен.

Соңғы жаңалықтар