02:41, 25 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі: скиатлонда кімдер топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Щучье қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі жалғасып жатыр.
Турнир аясында скиатлон бойынша жеңімпаздар анықталды. Қатысушылар 10 шақырымды классикалық стильде және 10 шақырымды еркін стильде жүріп өтуі керек еді.
ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасындағы жарыста Әмірғали Мұратбеков жеңіске жетті. Наиль Башмаков екінші орынға табан тіреді. Владислав Ковалев үшінші орынға ие болды.
Әйелдер жарысында Надежда Степашкина жеңіске жетті. Ксения Шалыгина күміс медальға ие болды. Ангелина Шурыга үшінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингінің бірінші сатысында аяқтады.