Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогі кезеңі: Қазақстан спортшылары қандай нәтиже көрсетті

АСТАНА.KAZINFORM - Оберстдорфта (Германия) шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің кезеңі аяқталды.

Шаңғымен тұғырдан секіру
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыстың финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасының екі спортшысы жолдама алды. Нәтижесінде ең үздік көрсеткішті Илья Мизерных тіркеді. Ол 24-орынға ие болды.

Ал Данил Васильев өз өнерінің қорытындысы бойынша 45-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде (Қытай) өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды.

Қысқы Олимпиадаға Қазақстаннан неше спортшы қатысатыны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар