Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының өңірлік терроризмге қарсы кеңесі 40-шы отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ АТҚҚ) Өңірлік терроризмге қарсы құрылым Кеңесінің 40-шы мерейтойлық отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Оған Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан құзыретті органдарының және ШЫҰ ӨТҚҚ Атқарушы комитетінің делегациялары қатысты.

Байқаушы ретінде Беларусь және Моңғолия өкілдері шақырылды.


Отырысқа қатысушыларға Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев құттықтау сөз сөйледі.

Ол ШЫҰ ӨТҚҚ құрылғаннан бері ұйымның дамуына елеулі үлес қосқанын, аймақтық және жаһандық деңгейде терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрестің тірегі және үйлестіруші орталығына айналғанын атап өтті.


Форумда терроризмді қаржыландыру арналарын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастығының 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың аралық нәтижелері шығарылды.


Алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Осылайша, Үндістан Республикасының аумағында интернет желісін террористік, сепаратистік және экстремистік мақсаттарда пайдалануды болдырмау бойынша семинар мен бірлескен оқу-жаттығу өткізу көзделген.


Сондай-ақ, тараптар өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған бірлескен жобаларды және өзге де шараларды іске асыру туралы қорытынды құжатқа қол қойды.

Қытай Халық Республикасының аумағында ШЫҰ ӨТҚҚ кезекті отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар