Шавкат Мирзиёев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Форум аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновті қабылдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шавкат Мирзиёев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Фото: ҚР Үкіметі

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзі мен ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, өнеркәсіптік, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Өзбекстан – Қазақстанның маңызды сауда серіктесі. Биылғы төрт ай қорытындысы бойынша тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға артып, $1,3 млрд-ты құрады. Экспорт 15,9%-ға өсіп, $1 млрд-ты құрады. Негізгі қозғаушы күш өнеркәсіп, автомобиль және ауыл шаруашылығы салаларындағы кооперация болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Өзбекстанға баратынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар