Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жеңісінен кейін елге оралды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген қазақстандық жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі бесінші жеңісінен кейін Алматыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жеңісінен кейін елге оралды
Видеодан алынған кадр

Алматы әуежайында Рахмоновты көптеген жанкүйерлері мен журналистер құрметпен қарсы алды.

Dar Pro Team Instagram парақшасында Шавкаттың келген сәтінен түсірілген видео жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 наурыз күні таңертең Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді (15-5) буындыру тәсілімен жеңді.

Қазақстандық үшін бұл мансабындағы 17-ші жеңіс болды, сондай-ақ, ол бүкіл жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Жартылай орта салмақтағы рейтингте Рахмонов алтыншы орынға көтерілді.