Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты финалына кімдер шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі финалына шыққан командалар белгілі болды.
Мұндай мүмкіндікке алдымен қарағандылық «Сарыарқа» қол жеткізді. Олар жартылай финалда өскемендік «Торпедоны» жалпы серияда 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Жартылай финалдағы тағы бір бәсеке астаналық «Номад» Петропавлдың «Кұлагерін» (серия есебі 4:1) орта жолда қалдырды.
Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазірге дейін «Торпедо» — 13, «Бейбарыс», «Сарыарқа», «Арлан» — 3, астаналық «Барыс» пен «Номад» — 2, сәтпаевтық «Қазақмыс» пен теміртаулық «Болат» — 1 мәртеден чемпиондық атаққа қол жеткізді.
«Сарыарқа» соңғы рет 2022 жылы жеңімпаз атанса, «Номад» 2023 жылы осындай жеңіс тұғырына көтерілді.
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы B дивизионындағы әлем чемпионатына дайындығын Алматы қаласында өткізеді. Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті.
Отандастарымыз Алматыда ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Олимпиадалық даярлау орталығы базасында оқу-жаттығу жиынын жүргізеді.
Жиынға барлық үміткер шақырылды. Олардың ішінде әйелдер мен жасөспірімдер құрамаларының ойыншылары бар.