Шекарашылар Ақтөбеде мыңнан астам тұрғын мен малды қауіпсіз жерге көшірді

КНБ РК
Фото: Мұхтар Холдорбеков / Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаменті Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың үйлестіруімен өңірдің 4 елді мекенінде (Ақырап, Жиренқопа, Майтөбе, Айке) су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіп жатыр.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, 1 250 тұрғын мен ондаған мал басы эвакуацияланды.

Әскери қызметшілердің күшімен тұрғын үй объектілерін су басуға жол бермеу бойынша жекелеген жер учаскелері нығайтылды. Терісаққан және Жаңаталап елді мекендері арасындағы бөгетті, сондай-ақ Ашқара өзені мен Шалқар көлінің жағалау сызығын нығайтуға көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажетті заттарды, киім-кешек және 100 тонна құм жеткізу жұмыстары жүргізілді.

«ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша ТЖД-ларға су тасқынына қарсы іс-шараларға, оның ішінде ҰҚК авиациясын пайдалана отырып көмек көрсету жұмысын жалғастыруда»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі тарақтан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар