Шекарадағы кептеліс: Ресей тарапы «Сағаршын» бекетінің өткізу жолағын арттыратын болды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Биыл жобалау жұмыстары басталып, екі жыл ішінде құрылыс жүреді. Қазір 2 жолақты болса, оны 10-ға жеткізеді.

Ақтөбеде шекара бекетіндегі ұзын-сонар кезек
Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы тағы да Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Мұнда «Жайсаң» шекара бекетіндегі кептелісті азайту, жою жұмыстарының нақты шешімі туралы айтылды. Кәсіпкерлер палатасы Орынбор облысындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Виктор Коршуновқа жүгінген. Өзара іс-қимыл нәтижесінде Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерін дамыту жөніндегі Жол картасы енгізілгенін білді.

Ресей тарапы «Сағаршын» бекетінің өткізу жолағын арттыратын болды
Фото: Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы

— Ресей тарапының ақпаратына сүйенсек, 2026 жылы «Сағаршын» өткізу пунктін модернизациялау жұмысы ұйымдастырылады. Ал 2028 жылға қарай қозғалыс жолақтарының санын онға дейін кеңейту жоспарланған. Екі бекеттің қуаттылығы бірдей болса кезек болмайды, халықаралық транзиттегі кедергі жойылады. Сонымен бірге ішкі процедураларды оңтайландыру бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен Кеңестен кейін Ақтөбе облысының мәслихаты ҚР Парламенті Сенатына, Қаржы министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және ҰҚК Шеккара қызметіне шекараның өзінде аккредиттелген фитосанитарлық зертханаларын ашу туралы ұсыныс жолдады. Бұл бастама қолдау тапты. Әсіресе тез бұзылатын тауарларды өткізу жеңелдейді, — деп хабарлады Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлер палатасы «Жайсаң» шекара бекетіндегі мониторингті жалғастырады.

Ресей тарапы «Сағаршын» бекетінің өткізу жолағын арттыратын болды
Фото: Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде шекара бекетіндегі ұзын-сонар кезектің негізгі себептері айтылды. «Жайсаң» шекара бекетінде 8, ал Ресей тарапындағы «Сағыршын» шекара бекетінде 2 өткізу жолағы бар. Бұл теңсіздіктен ұзын-сонар кезек түзіледі

Соңғы жаңалықтар