Шекараны күзетудің жаңа техникалық құралдары сынақтан өтіп жатыр - Ерлан Алдажұманов
«Белсенді іс-қимыл бағытында шекара учаскелерін инженерлік жабдықтау жалғасып келеді. Сонымен қатар, шекараны күзетудің жаңа техникалық құралдары, заманауи қару-жарақ пен техника үлгілері сынақтан өтіп жатыр. Шалғайда орналасқан жерлерде пилотсыз ұшу аппараттары және мобильдік бейнебақылау кешені қолданылып жатыр. Кейбір учаскелерде термовидео мен бейнебақылау жабдықтарын қолдана отырып, шекараның ұзын учаскелерін күзетудің техникалық кешендері құрылған», - деді Е. Алдажұманов.
Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап шекараны күзетуде арнайы мақсаттағы бөлімшелер құрылды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Бүкілармиялық кеңестің отырысы басталды.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 250 әскери қызметші Африкадағы миссияға дайындалып жатқанын айтты.