11:10, 25 Шілде 2025 | GMT +5
Шерзат ісі бойынша сотталушылардың бірі бостандыққа шықты
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты.

Думан Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға сотталған болатын.
Жәбірленуші тараптың адвокаты болған Мейірман Шекеев айыпталушы жазасын өтеуіне байланысты бостандыққа шыққанын хабарлады. Сонымен қатар ол Шерзат ісі бойынша аппеляциялық сот 2025 жылдың 18 тамыз күні Алматы облыстық сотының ғимаратында өтетінін атап өтті.
Kazinform агенттігі тілшісі бұл деректерді нақтылау үшін Алматы облыстық сотына ресми сауал жолдады.
Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы Шерзат Полат қайтыс болды.
Бұл іс бойынша барлығы 9 адам 23 жылдан 1,5 жылға дейін сотталды.