Шерзат ісі: жәбірленуші сотталушыларды фотосуреттен таныды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі тыңдалымда сот ісінің материалдарын зерделеуге кірісті.

Шерзат ісі: жәбірленуші сотталушыларды фотосуреттен таныды
Фото: Видеодан алынған скрин

Мемлекеттік айыптаушының мәлімдеуінше, тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жәбірленуші Махмет Ахметке күдіктілерді тану үшін А4 форматындағы төрт адамның фотосуреттері ұсынылғанын және арасыннан Шынасыл Абзалдың танығанын айтты.

– Жәбірленуші ұсынылған төрт фотосуретті қарап шығып, №3 суреттегі азаматты бірден танығанын айтты. Оның айтуынша, дәл осы азамат өзін жұдырықпен ұрған, – деді прокурор.

Сондай-ақ жәбірленуші Ахмет Махмет кезекті фото ұсынылған кезінде №1 суреттегі азаматты танып, оның оқиға орнында «Mercedes» маркалы көліктен түсіп, барсеткасынан пышақ алып шыққанын және кейін оны қайта салғанын баяндады.

Прокурордың айтуынша, фотода көрсетілген азамат – Илясов Нұрқияс.

Өз кезегінде айыпталушы Нұрқияс өзімен бірге барсетка болмағанын айтып, судьядан осы мәлімдемені назарға алуды сұрады.

Сонымен қатар, қара түсті Toyota Land Cruiser және көк түсті Volkswagen Golf маркалы көліктердің видеорегистраторлары тәркіленген. Сонымен қатар, Volkswagen Golf көлігі айғақты зат ретінде танылғанын мәлімдеді.

Осыған дейін Абзал Шынасыл сотталушылардың біреуі Шерзатқа пышақ салғаны жайлы мәлемдеген болатын.

Айта кетейік, пышақты көрдім, бірақ өзімді ғана қорғауға тырыстым.

Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты.

Шерзат ісіндегі басты айыпталушы осыған дейінгі сөзінен бас тартқаны жайлы жазған болатынбыз.

Еске сала кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспейтінін айтқан.

Соңғы жаңалықтар