Шерзат ісіне байланысты сот неліктен Талдықорғанда өтіп жатыр —судья жауабы

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Сот Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында жатыр. 

Шерзат ісіне байланысты сот неліктен Талдықорғанда өтіп жатыр —судья жауабы
Фото: Видеодан алынған скрин

Сот отырысына қатысушылар төрағалық етіп отырған судья Ержан Жанұзақовтан сотты Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында өткізуді сұрады. Судья бұл өтінішті қанағаттандырмай, соттың Талдықорған қаласында өтуінің себебін түсіндірді.

— Бұл өтініш бойынша Алматы облысында тергеу изоляторы жоқ. Сотталушылар тергеу изоляторында отыруы қажет. Қазіргі таңда сотталушылар № 71 мекемеде күзетпен ұсталып отыр. Сондықтан Қарасай аудандық сотының ғимаратында сот отырысын өткізу мүмкіндігі жоқ. Сол себепті Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өткізуге қаулы етілді, — деді Ержан Жанұзақов.

Еске салайық, бұған дейін Шерзат ісі бойынша сотталушыларға бірнеше бап бойынша айып тағылғанын жазғанбыз.

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік

Кейін ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

15 қазан күні Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Артынша, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен қуылды

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасының денесі табылды

биыл ақпан айында Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа мәліметтерін айтты

Соңғы жаңалықтар