Шерзат соты: Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болған

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі тыңдалымда сот материалдарын зерделеу жұмыстары жалғасты.

Шерзаттың әкесі
Фото: Жоғарғы сот

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы тергеу кезінде анықталған деректерді жария етті. Сондай-ақ сот отырысында куәгер Дана Жақсыкелді тергеу кезінде берген бейнежазба арқылы тыңдалды.

Куәгердің айтуынша, төбелес дүкеннің алдында басталған және оқиға болған жерде мылтықтан басқа суық қару көрмегенін айтты. Алайда «777» дүкенінің алдында Абзал Шынасылдың қолында пышақ болғанын растады.

– Абзал маған «қолыма диззи» құйып жіберші» деді. Сол сәтте оның қолынан үшкір пышақты байқадым, – деді куәгер Дана.

Сотта жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың бейнежазбасы да көрсетілді. Онда Нұрымов айыпталушы Нұрқиястың қолында мылтық болғанын, ол мылтықпен Шерзат Полатты ұрып жатқанын көргенін мәлімдеді. Сонымен қатар Нұрболдың қолында да пышақ болғанын айтып, кейін өзі де пышақ алғанын жеткізді. Оның айтуынша, дүкен ішінде басқа пышақ болмаған.

Бейнежазбада Нұрымовтың қолындағы пышақ нақты көрсетілген. Сараптама қорытындысына сәйкес, пышақтың жалпы ұзындығы – 30 см, ені – 2 см.

– Нұрбол пышақ алып шыққан соң, мен де қолыма пышақ алдым. Бірақ бұл сәт бейнежазбаға түсіп қалмады, – деді Қаржаубай Нұрымов.

Дегенмен, көрсетілім кезінде сотталушылардың бірі Нұрымовтың қолындағы пышақтың дәл сол пышақ емес, сары түсті болғанын атап өтті.

Осыған дейін Абзал Шынасыл сотталушылардың біреуі Шерзатқа пышақ салғаны жайлы мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, айыпталушы пышақты көрдім, бірақ өзімді ғана қорғауға тырыстым деген еді.

Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты.

Шерзат ісіндегі басты айыпталушы осыған дейінгі сөзінен бас тартқаны жайлы жазған болатынбыз.

Еске сала кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспейтінін айтқан.

Соңғы жаңалықтар