Шерзат сотында жарыссөз басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы өтіп жатыр.

Шерзат сотында жарыссөз басталды
Фото: Видеодан скрин

Бүгін сот отырысында жарыссөз басталды. Қазір мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сөз алды.

— Бүгінгі қаралып отырған қылмыстық іс — бұл жай ғана сот отырысы емес, бір отбасының үмітін үзіп, қабырғасын қайыстырған қасірет. Бұл Шерзат есімді жас баланың үзілген өмірі. Бұл қоғамның шырқын бұзған қайғылы оқиға. Енді осы қылмыстық іс бойынша көпшіліктің көңілінен шығатын әділ шешім қабылдау және істі сөз бүйдаға сала бермей, нүкте қою қажеттігі баршамызды толғандырып отырғаны анық. Қатаң жаза мен заңға сәйкес қабылданған сот үкімі ғана әділдікті қалпына келтіре алады, — деді прокурор.

Алғашқы сот отырысында прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік. 

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат ағасының денесі табылды

Соңғы жаңалықтар