Шетел азаматын қорқытып, жалдамалы пәтерде ұстаған қылмыстық топ ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігі бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтардың әрекетінің алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр, - деп жазды Polisia.kz.

 Шетел азаматын қорқытып, жалдамалы пәтерде ұстаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: Polisia.kz

3 маусымда Алматы қаласы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратура өкілдерімен бірлесіп, бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдар тобын ұстады.

- Олардың бір эпизодында күдіктілер шетел азаматына күш қолданып, қорқыту арқылы оны жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны және қысым көрсету арқылы бес миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алғаны анықталды. Сондай-ақ заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері тіркелді. 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленді. Анықталған барлық факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ІІМ елдегі, оның ішінде ірі мегаполистердегі жедел ахуал құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

Айта кетейік,  Астанада бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтардың әрекеті тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар