Шетелдік дипломатиялық өкілдік басшылары Қазақстанға көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күнін жариялауына орай 2016 жылдың 9 маусымында дипломатиялық өкілдік ғимаратында көңіл айту кітабын ашқандығын жария етті.

Осыған орай бүгін Бакудегі еліміздің Елшілігіне 40-тан астам шетелдік дипломатиялық өкілдік басшылары келіп, Қазақстан халқына және террористік актіден қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

ҚР-ның Әзербайжандағы Елшілігі өз кезегінде шетелдік дипломаттарға қазақстандықтардың қайғысына ортақтасқандықтары үшін ризашылығын білдірді. Оларға қайғылы оқиға, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар жайында толық мағлұмат ұсынып, 40 күн бойы бүкіл ел аумағында жария етілген лаңкестік қауіп-қатердің «сары» деңгейінің енгізілуіне байланысты Қазақстанның өкілетті органдары қабылдаған шаралар жайында айтып берді.

Соңғы жаңалықтар