Шетелдік дипломаттарға Ақтөбенің инвестициялық әлеуеті таныстырылды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «Дипломатиялық бизнес клуб» отырысы өтті. 43 мемлекеттің дипломатиялық миссия басшылары қатысқан алқалы жиын барысында Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіншіліктерді таныстырылды.

«Бүгінгі күнгі кездесу біздің еліміздегі, оның ішінде Ақтөбе өңіріндегі экономиканың дамуына, сол өңірге инвестиция тартуға өз үлкен үлесін қосады деп сенеміз. Қанша дегенмен, сіздер Қазақстан мен басқа да мемлекеттердің арасындағы көпірсіздер. Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында біз, қазақстандықтар, мемлекеттеріңіздің экономикалық жағдайымен танысамыз, кәсіпкерлеріңізбен байланыс жасаймыз. Соның нәтижесінде біздің экономикамыз дамып, халқымыздың тұрмысы жақсарады», - деп атап өтті отырысты ашқан Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар өңір басшысы Ақтөбе облысында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру үшін айрықша шаралар қолға алынып жатқандығын атап өтті. Көлік әлеуеті мен минералды-шикізаттың мол қоры, негізгі ресурстар аймақта тау-кен өндірісі мен химия өнеркәсібін, металлургия мен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндік беретінін баса айтты.

Айта кетерлігі, соңғы 5 жылда бұл өңірге 12,6 млрд. доллар көлемінде инвестиция тартылған. Оның 4,7 млрд. доллары тікелей шетел инвестицияларының үлесіне тиесілі. Ал бүгінгі бизнес клуб отырысы барысында шетелдік дипломаттарға облыстағы азық-түлік, тау-кен өндіру, химия өнеркәсібі, металлургия және қонақ үй бизнесі саласындағы жалпы құны 1,2 млрд. долларды құрайтын 11 жоба таныстырылды.
null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар
telegram