Шетелдік валюта қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 460,00 теңгеден сатып алынады, 466,97 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 537,97 теңге, сату - 548,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,85 теңге, сату - 6,15 теңге;
- юань 67,88 теңгеден сатып алынады, 73,68 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 463,43 теңге, сату - 465,73 теңге;
- еуро: сатып алу - 542,52 теңге, сату - 547,86 теңге;
- рубль 6,02 - 6,14 теңге аралығында саудаланады.
- юань 68,48 - 71,33 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 24 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге өсіп, 464,86 теңге болды.