03:32, 04 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Алматыда ауа сапасы бірнеше күннен бері нашарлап тұр
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған, түнде Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, бүгін Астана мен 14 өңірде күн райы бұзылады.