06:48, 03 Қазан 2025 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысында жол қозғалысы қайта ашылды
АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы 3 қазанда сағат 06:30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысы қайта ашылды.

– Өскемен–Алтай–Үлкен Нарын–Катон-Қарағай–Рахманов автожолының 6-66 шақырымында (Ушанов ауылы – Серебрянск қаласы аралығы) барлық көлік түрлеріне қозғалыс рұқсат етілді, - делінген ҚазАвтоЖол тататқан хабарламада.
Айта кетейік, ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен – Рахман қайнары» автожолында көлік қозғалысына шектеу қойылған еді.