Шығыс Қазақстан туризмі төрт бағытта дамиды

АСТАНА. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында тау шаңғысына арналған жаңа заманауи қонақүйлер салынады. Бұл туралы ШҚО Нұрымбет Сақтағанов Астанада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде айтты.

туризм
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Әкімнің айтуынша, облыста төрт негізгі кластерді дамыту әлеуеті бар. Мәселен, Катонқарағайда wellness-туризм, Марқакөлде – экологиялық туризм, Риддердегі – тау шаңғысы және Өскеменде демалыс күндері туризмін ілгерілетуге болады.

– Біз Риддер маңында жыл бойы жұмыс істейтін «Анатау» кешенін салуды жоспарлап отырмыз, ол тау туризмі мен спортшыларды даярлау орталығы болады. Pana Asia халықаралық қонақүй желісі стандарттарға толық сай келетін заманауи қонақүйлер салады, – деді Н. Сақтағанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, өңірде медициналық туризм қарқынды дамып келеді. Онкология және хирургия орталығында медициналық туризм белсенді дамып, Check-up қызметтері көрсетіліп тұрады.

Туристерді тартуға AltaiFest және «Шығыс Салбурыны-2025» этномәдени фестивалі сияқты имидждік жобалар да ықпал етеді. Фестивальге Қазақстанның барлық өңірінен, Ресей, Қытай, Испания, Венгрия, Моңғолия және Қырғызстаннан 148 бүркітші қатысқан және 10 мыңнан астам көрермен жиналған.

Туризмді табысты дамыту үшін заманауи инфрақұрылым да маңызды. Облыста екі жаңа әуежай салынып жатыр, «Майқапшағай» және «Үбі» өткізу пункттері, 5 теміржол вокзалы жаңғыртылуда.

Сонымен бірге, 856 шақырым жол жөнделді. «Талдықорған – Өскемен», «Өскемен-Семей» жобалары аяқталды, «Өскемен – Рахман қайнарлары» жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Былтырдан бері Өскеменнен Мәскеу мен Новосибирскіге халықаралық әуе рейстері қатынайды. Келесі жылдан бастап Қытайға әуе рейсін ашу жоспарланып отыр.

«Өскемен – Алматы» бағытында «Тальго» теміржол маршрутын іске қосуға дайындық жүріп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанның туристік қызметтер экспорты жарты жылда 18% өскен.

 

Соңғы жаңалықтар