Шығыс Қазақстанда 20-дан астам ауыл жабылуы мүмкін

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында халық саны 50 адамнан аспайтын 25 ауыл бар.

Ішімдіксіз ауыл
Фото: Polisia.kz

ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сүйенсек, халық санының күрт азаюы, инфрақұрылымның болмауы және тұрғын үйлердің тозуы салдарынан 20-дан астам ауыл жабылудың алдында тұр. 

- Бүгінде облыс бойынша халық саны 50 адамнан аспайтын 25 ауыл бар. Кейбір елді мекендерде он адамнан аз ғана тұрғын қалған. Алайда ауылдарды тарату - тұрғындарды мәжбүрлеп көшіру дегенді білдірмейді. Мұндай ауылдар «өзге елді мекен» санатына ауыстырылып, ірі ауылдарға қосылады. Әлеуметтік қызмет көрсету жалғасады, ал халықтың түрлі ұйымдарға тіркелуі мен бекітілуі автоматты түрде жүзеге асырылады, - дейді басқарма басшысының орынбасары Гүлшат Қорғанбекова

Айта кетейік, соңғы он жылда аймақ бойынша 36 ауыл таратылған. 

Еске салсақ, осыған дейін ауыл тұрғындарының Библиобус жылжымалы кітапхана арқылы кітап оқу мүмкіндігін алатындығы жайлы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар