Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді. 

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілді
Фото: Видеодан алынған скрин

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалы бақылаушыларының деректері бойынша Алтай ауданының тауларында қардың биіктігі шамамен 45-50 сантиметрге жетті. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында «Өскемен-Алтай» автожолында профилактикалық түсулер уақтылы жүргізілді. 

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілді
Фото: Видеодан алынған скрин


— Қар көшкінін бастауға бағытталған іс-шаралар Сығылған ауа немесе газ-ауа қоспасының жарылыстары арқылы қар массаларына әсер етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 3 түсу жүргізіліп, 2466 текше метр қар түсті, — деп атап өтті ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Ербол Бекпаев.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілді
Фото: Видеодан алынған скрин

ШҚО ТЖД және ҚР ТЖМ Қазселденқорғау филиалының ШҚ мамандары таулардағы демалыс әуесқойларына сақтық шараларын сақтау керектігін ескертеді. Қар көшкіні адамның шуы мен айқайынан шығуы бек мүмкін.

— Қауіпті болдырмау үшін тауға шықпас бұрын көшкін қаупі туралы дауыл туралы ескерту бар-жоғын тексеріңіз, — деп ескертті ведомстводан.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.

Еске сала кетейік, ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкінін түсіруге байланысты жол жабылатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар