Шығыс Қазақстанда үш жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында үш жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды.

Шығыс Қазақстанда үш жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында Глубокое ауданы Тарханка ауылында өрт сөндіру бекеті құрылды. Аталған бекет Тарханка, Винное және Веселое елді мекендерінде тұратын 3000-нан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. 

Шығыс Қазақстанда үш жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Фото: ШҚО ТЖД

— Жобаны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қолға алды, ал серіктес ретінде «Милейко» ЖШС қолдау көрсетті. Сондай-ақ Шемонаиха ауданындағы Красная Шемонаиха және Сугатовка ауылдарында екі өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол бекеттер Красная Шемонаиха, Белый Камень, Сугатовка, Горкуново және Кенюхово ауылдарында тұратын 1500-ден астам адам үшін қызмет көрсетеді, — делінген ақпаратта.

Шығыс Қазақстанда үш жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Фото: ШҚО ТЖД

Ашылған барлық бекеттер тәулік бойы қызмет атқаруға арналған қажетті үй-жайлармен жабдықталған. Материалдық-техникалық жарақтандыру құрамына өрт сөндіру және құтқару құрал-жабдықтары, байланыс құралдары және жеке құрамға арналған арнайы киімдер кіреді.

Еске салсақ, осыған дейін Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шыққаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар