Шығыс Қазақстанда жылыту маусымы басталғалы 10 адамға иіс тиді
Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы бері 10 адамға иіс тиді, деп хабарлайды Kazinform.

Өңір құтқарушылары көміртегі тотығымен улану жағдайлары жиілеп кеткенін айтып, дабыл қағуда.
«Жылыту кезеңі басталғалы бері ШҚО ТЖД мамандары 100 000-ға жуық үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, пешті дұрыс пайдалану бойынша нұсқаулықтар өткізді. Әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы азаматтардың үйлеріне қауіпті газды анықтайтын 2 000-нан астам датчик орнатылды. Алайда облыс бойынша алғашқы суық түсе салысымен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып пайдаланылған пештерден 10 адамға иіс тиді, оның 8-і бала», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Олардың барлығы медициналық мекемелерге жатқызылған. Оқиғалардың негізгі себебі - уақтылы тазаланбаған түтін мұржалары, пештердің тозуы. Рейдтер жүргізу кезінде құтқарушылар 22 000-нан астам үйде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғанын анықтаған.
Осы ретте, ТЖД қызметкерлеріне тұрғындарға өз қауіпсіздігі үшін немқұмайды қарамай, барынша абай болу қажеттігін ескертті.