Шығыс Қазақстандағы ауылдардың бірінде аяз -53 градусқа дейін жетті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Парыгино ауылында аяз -53 градусқа дейін жетті.

мороз
Фото: gov.kz

15 қаңтарда Алтай ауданындағы Парыгино ауылында сынап бағанасы -45 градусқа дейін төмендесе, 16 қаңтарда таңертең -53 градусқа жеткен.

Ал түске қарай ауа температурасы -48-ді құраған. Ауылдық округ әкімі Ғани Төлеков ауыл тұрғындарының мұндай ауа райы жағдайларына жақсы дайындалғанын атап өтті. 

— Әлеуметтік және маңызды нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр, ешқандай ақаулар, іркілістер тіркелген жоқ. Жағдай әркез бақылауда, — дейді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.

Еске салсақ, осыған дейін Петропавлда үйден шығып кеткен зейнеткер әйел аязда үсік шалып, мерт болғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар