05:55, 08 Қазан 2025 | GMT +5
Шығыста қар жауып, үш өңірде аяз болады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 8 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктер бүгін республиканың шығыс өңірлері жауын-шашынды болатынын айтады. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен бұл аумақтарға жаңбыр жауып, қар түседі.
Антициклон жотасы еліміздің өзге өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында жел күшейеді. Шаңды дауыл тұрып, батыс пен солтүстікте және шығыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман болады.
Алматы мен Жетісу облысында 1-6 градус аяз болып, Жамбыл облысының таулы аудандарында 1-3 градус үсік жүреді.
Бұған дейін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды.