Шілдеден бастап Пәкістанға әуе рейстері ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиация билігімен бірлесіп және Қазақстанның Пәкістандағы Елшісінің көмегімен SCAT әуе компаниясының Пәкістанға тұрақты рейс ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Осылайша 8 шілдеден бастап SCAT әуе компаниясы Воеіng 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Алматы – Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушы рейстерін орындауды бастайды.

Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу - елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар