Шымкент облыс орталығы болмаса да, халық ескі әдетпен әлі қалаға ағылып жатыр — әкім

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қалада бейберекет көші-қон неге тыйылмай тұрғанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

шымкент
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

«Шымкент — республикалық маңыздағы қала, ал облыстың орталығы Түркістан болғалы ішкі-көші-қон тұрақтады ма? Еңбекке жарамды жастардың өзге өңірлерге ағылуы саябырлады ма? Осы бағытта нақты статистика бар ма?» деп сұрады БАҚ өкілдері.

Ресми мәлімет бойынша, Шымкент қаласында 1,2 млн адам тұрып жатыр.

«Бұрын қаламыз сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болғанын білесіздер. Сол себепті Ташкенттен бері жатқан аудандардың тұрғындары ескі әдет бойынша әлі Шымкентке ағылып жатыр. Күнделікті келіп-кететін адам санының өзі 500-600 мыңға дейін барады. Оның ішінде жұмыс бабымен келетіндерден бөлек Түркістан облысына қарайтын, бірақ қаламызда орналасқан денсаулық сақтау нысандарына қаралуға келетіндер де бар. Бұл нысандар 2018 жылы бөлініп шыққанда облыстың балансында қалып кеткен. Сол мекемелерге келетін біраз адам бар. Жалпы осыларды ескерсек, қарқын әлі түспегенін айтуға болады», — деді Ғабит Сыздықбеков.

Соңғы жаңалықтар