Шымкентте биыл 3,5 млн-нан астам гүл егіледі

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент қаласы биыл көктемде гүл егу бойынша өз рекордын жаңартуды жоспарлап отыр. Қала көшелеріне 3,5 миллионнан астам гүл егілмек. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп. 

Шымкентте биыл 3,5 млн-нан астам гүл егіледі
Фото: Александр Павский/Kazinform

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, гүл егу жұмыстары наурыз айында басталады. Көшеттер орталық көшелерге, саябақтар мен скверлерге отырғызылып, шаһардың көркін аша түспек.

Биылғы басты ерекшелік – қала кеңістігін безендіретін лаванда мен сальвиядан жасалған бірегей композициялар. Бұл өсімдіктер тек ашық түсімен ғана емес, ерекше хош иісімен де тұрғындарды қуантпақ.

– Біз биыл Шымкент қаласы аумағына 1 млн 600 көпжылдық және 2 млн біржылдық гүлдер егуді жоспарлап отырмыз. Жылдағы петуния гүлдері түрлі түсті болады. Сонымен қатар біз қала аумағына 1 млн 600 қызғалдақ гүлін ектік. Шымкент қаласының символы ретінде біз жыл сайын егеміз, - деді қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілдері.

Гүлдердің басым бөлігі жергілікті жылыжайларда өсірілген. Олар Қонаев даңғылы, Темірлан тас жолы, Бәйдібек би көшесі және өзге де негізгі көшелерге отырғызылмақ.

Айта кетейік, мұндай ауқымды жұмыстар демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан бұрын Қаратау баурайында көктем лебі сезіліп, бәйшешек гүлдегенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум