Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден ер адамның денесі табылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкенттегі Асқаров және Мангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен адам мәйіті табылды.Аталған жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

ІІМ
Фото: Абай облысы ПД

– Пәтерде өрттен кейін табылған ер адамның өлімі фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген Полиция хабарламасында. 

Оқиғаның мән-жайы анықталған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады. 

Бұдан бұрын Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталғанын жазған едік.

– Қазіргі таңда 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады, - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

 

Соңғы жаңалықтар