Шымкентте науқасқа туған інісі бір бүйрегін беріп, өмір сыйлады

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Қалалық №1 клиникалық ауруханада жоғары технологиялық күрделі ота жасалып, тірі донордың бүйрегі науқасқа салынды. 

Шымкентте науқасқа туған інісі бір бүйрегін беріп, өмір сыйлады
Фото: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 40 жастағы азамат 47 жастағы туған ағасына бір бүйрегін берген. Бұл – медицинадағы ең күрделі әрі жауапты хирургиялық әдістердің бірі.

Бірнеше кезеңнен тұратын күрделі отаны тәжірибелі трансплантологтар, хирургтар және анестезиологтар сәтті жүргізді.

– Қазіргі уақытта донор мен реципиенттің жағдайы тұрақты. Олар дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті ем қабылдап жатыр. Тірі донорлық бүйрек трансплантациясы – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін ең тиімді емдеу тәсілдерінің бірі. Мұндай оталар пациенттердің өмір сапасын жақсартып, ұзақ әрі белсенді өмір сүруіне мүмкіндік береді, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласында 247 бүйрек және 35 бауыр трансплантациясы сәтті жасалған.

Бұдан бұрын шымкенттік ана баласына бір бүйрегін бергенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум