Шымкентте санитарлық шектеулер енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі екі ауданда санитарлық шектеулер енгізуде. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Мал базары/сиырлар
Фото: Максат Шагырбаев/Kazinform

Шектеулер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсыныстары негізінде енгізіледі.

1) Шымкент қаласы Абай ауданы Қайнарбұлақ саяжайы Т. Құрасбек көшесі №3 үйдің мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Т.Құрасбек көшесінің бойына;

2) Шымкент қаласы Абай ауданы Тельман бөлімшесі Бабыр көшесі № 106А үйдің ұсақ малынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Бабыр көшесінің бойына белгіленеді.

Әзірлеушілер Шымкенттегі эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру үшін санитарлық шектеулер енгізілетінін айтуда.

Соңғы жаңалықтар