Шымкентте сауда орталығы өртке оранды

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкент қаласында төтенше жағдайлар қызметкерлері сауда ойын-сауық орталығында болған өртті сөндірді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

өрт
Фото: ТЖМ

Өрт Төлеметов көшесіндегі орталықтан шыққан. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте ашық жану мен қатты түтін байқалған.

- Жедел жеткен күштер өртті жоғары дәрежеде сөндіруге кірісіп, қысқа мерзімде жануды оқшаулады. Ғимараттың шатыры мен үшінші қабатына автосаты мен үш иінді саты орнатылып, 2 адам құтқарылды. Сонымен қатар екінші қабаттан тағы 3 адам шығарылды, - деп жазды ведомстводан.

Эвакуация ресми түрде жүргізілмеген, адамдар төтенше жағдайлар қызметі келгенге дейін өздігінен далаға шыққан.

Өрттің жалпы аумағы 270 шаршы метрді құрады.

Қазіргі уақытта оның шығу себебі анықталуда.

Айта кетейік, Шымкентте 7 мыңнан астам абонент газсыз қалды.

Соңғы жаңалықтар