Шымкентте тәрбиеші балаларды шприцпен қорқытып, қол көтерген

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкент қаласы Тұран ауданындағы № 59 «Айша» мемлекеттік бөбекжай-балабақшасында тәрбиешінің балаларды шприцпен қорқытып, қол көтергені анықталды.

Шымкентте тәрбиеші балаларды шприцпен қорқытып, қол көтерген
Фото: Видеодан скрин

Бұл жағдай ата-аналар мен қоғам тарапынан алаңдаушылық туғызды. 

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайы құқық қорғау органдары мен салалық басқармалар тарапынан жан-жақты тексеріліп жатыр.

— Балабақшаның «Бәйтерек» мектепалды тобының тәрбиешісі Р.М. тарапынан балаларға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсету белгілері (шприцпен қорқыту, қол көтеру) анықталғаны жөнінде мәлімет түсті. Оқиға бойынша құқық қорғау органдары мен салалық басқармалар өкілдерінің, сондай-ақ ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізілді. Тергеу нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті құқықтық баға беріледі, — деді Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Күлзина Уәлиханова.

Бұдан бұрын Оралда балабақшадағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар