Шымкентте жол ортасында төбелесіп, кісі өлтірген күдіктілер ұсталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында көлік жүргізушілері мен жолаушылары арасында жанжал шыққан. Оқиға салдарынан 40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

Шымкентте жол ортасында төбелесіп, кісі өлтірген күдіктілер ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталды.

— Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Аталған жайт бойынша «адам өлтіру», «бұзақылық» және «адамды ұрлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалды, — делінген қалалық полиция хабарламасында.

Күдіктілерді ұстауға Полиция департаментінің барлық күші мен құралы жұмылдырылды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бұрын Шымкентте бойжеткенді пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар