Шымкенттегі тұрғын үйде бірнеше адамның өліміне қатысты істе күдіктілер қашан анықталады

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінде бірнеше адамның өліміне қатысты істі тергеу бойынша түсінік берді.

Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды
Фото: ҚР ІІМ

- Қылмыстық кодекстің 306-бабы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша іс қозғалды. Бұл дерекке қатысты тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Кеше ғана оқиға орнына сот-сараптама орталығының мамандары барды. Осы орайда кешенді сарапта жасалады, - деді С. Әділов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, сараптама нәтижесі бойынша күдіктілер анықталады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен 4 адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, олар газдан уланған болуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум