01:40, 14 Наурыз 2025 | GMT +5
Шымкенттік дәрігерлер жұмысқа ұлттық киіммен келді
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM- Дәрігерлер ақ халатты ұлттық киімге ауыстырды.

Оюлы шапан мен камзол, кимешек пен ақ орамал. Бүгін Шымкент қаласындағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының қызметкерлері жұмысқа ұлттық киіммен келді.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ұлттық киімдер еліміздің бай тарихы мен мәдениетін бейнелейді. Бас дәрігер Мадина Ермаханбетова бастаған игі шараны ұжым қызметкерлері бірден қолдаған. Олардың пікірінше, ұлттық киім жұмыс орнында ерекше атмосфера қалыптастырады.
— Ел тарихы мен ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған ұлттық киімді насихаттау — әрбіріміздің міндетіміз, — дейді ақ халатты абзал жандар.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкенттік ана баласына бір бүйрегін бергенін жазған болатынбыз.